Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2029 жылы электр тапшылығынан құтылып, сыртқа сата бастаймыз – Ерлан Ақкенженов

2029 жылы электр тапшылығынан құтылып, сыртқа сата бастаймыз – Ерлан Ақкенженов

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елдегі электр энергиясының тапшылығын жоюға арналған жоспарды таныстырды.

"2026 шамамен 2 600 МВт қуат көзін, оның ішінде жиынтық қуаты 174 МВт болатын жаңартылатын энергия объектісін қолданысқа енгізу жоспарланып отыр", - деді министр.

Бұл нысандар Алматы (544 МВт және 557 МВт), Текелі (17 МВт), Атырау 59,6 МВт қалалары мен Қызылорда (240 МВт), Түркістан (1000 МВт) облыстарында іске қосылады.

- 2027 жылы қуаты шамамен 1 500 МВт, оның ішінде қуаты 573 МВт болатын жаңартылатын энергия объектісін іске қосу жоспарланып отыр. Ал 2028 жылы 2 000 МВт-тан астам қуат көзін, оның ішінде 245 МВт жаңартылатын энергия объектісін іске қосу жоспарланып отыр. Осылайша, 2029 жылы экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін жауып, энергия жүйесін профицитпен қамтамасыз ету күтілуде. Бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, - деді Ерлан Ақкенженов.


Фото: Үкімет