Президент жалған мүгедектік құжатын жасап беретін мекемелерді тәртіпке келтіруді тапсырды
Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында органдағыларға жалған мүгедектік құжатын жасап беретін мекемелерді тәртіпке келтіруді тапсырды.
“Статистикаға қарасақ, Қазақстанда 740 мыңнан астам мүгедек адам бар екен. Еліміздің ешқандай қарулы қақтығысқа қатыспайтынын ескерсек, 20 миллион халқы бар мемлекет үшін мұның көптеу екеніне келісетін шығарсыз. Кезінде жауапты мекеме қызметкерлері мемлекеттен көмек алу үшін туыстарын, мәселен, гипертония диагнозы қойылған жақындарын мүгедектер қатарына қосып жаза салғаны анықталып отыр. Мұндай заңсыз әрекеттер аз емес. Сондықтан, Үкімет пен құқық қорғау органдарына осы салада тәртіп орнатуды тапсырдым”, - деді Президент.
Фото: gov.kz