↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда «Шалқар» радиосының 60 жылдығына орай интеллектуалды-зияткерлік сайысы өтті

Алматыда «Шалқар» радиосының 60 жылдығына орай интеллектуалды-зияткерлік сайысы өтті

Республика күніне арналған Мемлекет басшысының "Кітап оқитын ұлт" жобасын қолдау мақсатындағы «Шалқар» радиосының құрылғанына 60 жыл толуы аясында "Кітап оқитын ұлт" интеллектуалды-зияткерлік сайысы өтті.

"Кітап оқитын ұлт" интеллектуалды-зияткерлік сайысына "Шалқар" радиосының түрлі саладағы бес тыңдарманы қатысты: жазушы, ақын, кітапханашы, диктор және студент.

Қазақтың руханияты мен мәдениетіне, салты мен дәстүріне және тарихы мен ұлттық танымына қатысты сұрақтар бес ойыншыға кезекпен қойылды. Қорытындысында, "Шалқар" радиосының қызметкерлерінің қазылығымен анықталған үздік ойыншы-тыңдармандарға демеуші тарапынан ақшалай сыйақы берілді.

Биыл «Шалқар» радиосының 60 жылдық мерейтойы жыл басынан бері атап өтілуде. Мерейтойлық шаралар аясында арна өз тыңдарманын кітап оқуға үндеу мақсатында "Кітап оқитын ұлт" интеллектуалды-зияткерлік сайысын ұйымдастырып отыр.

«Шалқар» радиосы - қазақтың күретамыры, ұлттың үнжариясы. Ғасырлар қойнауынан келе жатқан төл мұрамызды насихаттауда өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан ұлттық радио әлі де тың жаңалықтарымен тыңдарманын қуанта бермек. Осы ретте, «Шалқар» радиосының бастамасын қабыл алып, "Кітап оқитын ұлт" интеллектуалды-зияткерлік сайысына демеушілік жасаған «Жаңғыру» қоғамдық қорына  алғыс білдіреміз.

Жиынға радио ардагерлері мен радио тыңдармандары, «Шалқар» радиосының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері және студенттер қатысты.