Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған – Ерлан Қарин

Мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тілге лайықты мәртебе берілгенін айтты.    

–  Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның жаңа жобасында «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік жоқ,
- деді ол.

Ерлан Қарин қазақ тілі биік тұғырда, өз орнында екеніне сенім білдірді.    

Мемлекетіміз барда ол ешқашан ол тұғырдан түспейді. Демек сол үшін, ең бастысы мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші, ел бірлігін ойлау керек, - деді Мемлекеттік кеңесші.


Фото: qazaqparat