Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық банк төрағасы тағайындалды

Ұлттық банк төрағасы тағайындалды

Ұлттық банк төрағасы тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Өмірбаяны
Ernst & Young Kazakhstan – салық бойынша кеңесші (2002-2006) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» мұнай-газ компаниясы – Салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаментінің директоры (2006-2009) Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2009-2010) Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі (2010-2012) Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (2012-2016) ҚР Ұлттық экономика министрі (2016-2019) ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (2019) ҚР Президентінің көмекшісі (2019) ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша орынбасары (2019-2022) ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (2022-2023) ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды (2023)
Білімі
Павлодар мемлекеттік университетін "Әлеуметтік салалардағы экономика және менеджмент" мамандығы бойынша бітірген (2000 ж)
"Болашақ" бағдарламасы бойынша Мэриленд университетінің магистратурасын "Қаржы" мамандығы бойынша "Бизнес магистрі" дәрежесімен бітірген (АҚШ, 2002 ж)
Марапаттары
"Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медалі (29.05.2019)

Фото: Ұлттық банк