Қазақстанда қар жауып, 8 градусқа дейін аяз болады
Қазақстанда қар жауып, 8 градусқа дейін аяз болады
"Қазгидромет" синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанған.
"Солтүстік аймақтарда термометр бағаны нөлден төмен түседі, бұл жаңбырдың қарға ұласуына және көктайғақ құбылыстарына әкелуі мүмкін. Батыста үш күнде де, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде еліміздің солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. 14 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", - деді метеорологтар.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын күтіледі.
Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
батыста түнде +2...+10 градусқа дейін, күндіз +10...+15 градусқа дейін,
солтүстікте түнде -2...-8 градусқа дейін, күндіз 0...+7 градусқа дейін,
оңтүстікте түнде +3...+13 градусқа дейін, күндіз +8...+18 градусқа дейін.
Фото:depositphotos.com