Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Табиғатқа жанашыр ұрпақ: Атырауда жаңа Eco Lab ашылды

Табиғатқа жанашыр ұрпақ: Атырауда жаңа Eco Lab ашылды

Табиғатқа жанашыр ұрпақ: Атырауда жаңа Eco Lab ашылды

Атырауда оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған Есо Lab экологиялық бұрышы ашылды. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы маңызды жоба Ақжар ауылындағы №44 мектеп-гимназиясында қолға алынды. Кең ауқымды жоба шеңберінде ата-аналардың қолдауымен мектеп ауласына тал егілді. Олардың қатарында жеміс ағаштары да бар. Осылайша ұстаздар мен оқушылар табиғатқа деген жанашырлығын ерекше форматта көрсетті.

"Аталған жоба – білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. "EcoLab" бұрышы оқушыларға табиғатты зерттеп, экологиялық мәселелерді түсінуге, сондай-ақ күнделікті өмірде табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді", - дейді №44 мектеп-гимназиясының директоры Абай Ақмурзиев.

Экобұрышта көжектер, тотықұстар, балапандар, тасбақалар және аквариумдағы балықтар бар. Сондай-ақ, оқушылар арнайы жылыжай ұйымдастырып, қызанақ пен қиярды баптап өсіріп отыр. Экобұрыштың ашылу салтанатында оқушылар суды үнемдеу, үй жағдайында жанартау жасау жолдарынан зертханалық жұмыстар көрсетті. Ал жаңа экобұрыштың лентасын облыстық "Атырау" қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Азамат Базарбаев пен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Гүлайым Телеубаева қиды.

Шараға қатысушылар мен қонақтар жобаның ауқымы кеңейіп, үлкен бастамалардың бастауы болатынына сенім білдіретінін жеткізді.


Фото:Атырау облысының әкімдігі