Шымкентте шенеуніктер 1,7 миллиард теңгені "ауаға" жұмсамақ болған
Шымкентте шенеуніктер 1,7 миллиард теңгені "ауаға" жұмсамақ болған
Шымкент прокуратурас 1,7 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсамақ болғандарды әшкереледі.
Қадағалау органының мәліметінше, талдау барысында бір шағынауданда инженерлік инфрақұрылым салу жобасын іске асыру кезінде бюджет қаражаты тиісті негіздемесіз бөлінген.
Аталған аумақта тұрғын үйлер де, қандай да бір құрылыс нысандары да мүлде болмаған. Бұл инженерлік желілерді жүргізуге нақты қажеттіліктің жоқ екенін көрсетеді. Осылайша, шығындарды жоспарлау тұтынушылар мен инфрақұрылымдық қажеттіліктің шын мәнінде жоқ екенін ескерместен жүргізілген.
"Сонымен қатар, жер учаскелерінің бір бөлігі бөлінбеген, жобалық-сметалық құжаттама нақты жағдайға сәйкес келмеген, ал жобаны қазіргі жағдайда іске асыру ерте әрі экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған", – деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоба параметрлері шұғыл түрде қайта қаралды. Тараптар қосымша келісім жасап, нәтижесінде 1,7 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді.
Фото:Stan.kz