Еуропа елдерінің бірі Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді
Еуропа елдерінің бірі Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді
Черногория үкіметі Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді.
Ведомствоның мәліметінше, ел тұрғындары 1 мамырдан бастап Черногорияға виза рәсімдемей-ақ кіре алады.
"Қазақстандықтар ағымдағы жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады", - делінген хабарламада.
Министрлік ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет екенін еске салды.
Фото:pixabay.com