Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңбыр мен бұршақ: 24 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр мен бұршақ: 24 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр мен бұршақ: 24 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 20-22 градус жылы.

Алматы - көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде кей уақытта қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 3-8, кейде екпіні 15 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 жылы. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандары) - түнде жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9-14, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 8-13 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.
Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыс 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстігінде 8 жылы, облыстың оңтүстігі мен шығысында 2 градус үсік, күндіз 18-23 жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс 9-14, екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
Алматы облысы - түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, облыстың шығысында, таулы аудандарында түнде кей уақытта 23-28 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аудандарында 2-7 жылы, күндіз 18-23, таулы аудандарда 8-13 жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыс 9-14, түнде екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.
Жетісу облысы - жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел батыс 9-14, облыстың шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23-28 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аудандарында 5, күндіз 18-23, таулы аудандарда 13 жылы. Талдықорған - бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел батыс 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.
Түркістан облысы - түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл. Жел оңтүстік-батыс 8-13, таулы аудандарда 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 9-14, таулы аудандарда 6, күндіз 25-30, таулы аудандарда 21 жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 27-29 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - күндіз жаңбыр, найзағай. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыс 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 11-16 жылы. Орал - бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 12-14 градус жылы.
Атырау облысы - түнде жаңбыр, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында найзағай, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 11-16 жылы. Атырау - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 13-15 градус жылы.
Маңғыстау облысы - түнде облыстың батысында аздаған жаңбыр, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай. Облыстың батысында, орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады 9-14, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 21-26 жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 13-15 градус жылы.
Қостанай облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыс 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10, күндіз 12-17, оңтүстігінде 22 жылы. Қостанай - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыс 9-14, екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 14-16 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Жел оңтүстік-батыс 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың батысында 2, күндіз 15-20, облыстың шығысында 23 жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Жел оңтүстік-батыс 15-20, екпіні 25 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 15-17 градус жылы.
Павлодар облысы - түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7 жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік, күндіз 19-24 жылы. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 21-23 градус жылы.
Қарағанды облысы - түнде облыстың шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 11, күндіз 20-25, облыстың шығысында 17 жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады түнде 1-6, күндіз 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 20-22 градус жылы.
Ұлытау облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың батысында 13, күндіз 22-27, облыстың солтүстігінде 19 жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады түнде 2-7, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 24-26 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыс 9-14, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың шығысында 3, күндіз 18-23, облыстың шығысында 8-13 жылы. Өскемен - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыс 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.
Абай облысы - түнде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыс 9-14, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 жылы. Семей - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыс 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 20-22 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 25-30 жылы. Қызылорда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.
Жамбыл облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады 9-14, таулы аудандарда 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 9-14, таулы аудандарда 4, күндіз 21-26, таулы аудандарда 16 жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы.

Фото:depositphotos.com