Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Путин Трампқа Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады

Путин Трампқа Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады

Путин Трампқа Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады

Ресей мен АҚШ президенттері бір жарым сағаттан астам уақыт телефон арқылы сөйлесті
Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, ол бұл туралы америкалық әріптесі Дональд Трампқа хабарлады.
"Дональд Трамп Ресейдің жақында Пасха мерекесіне орай жарияланған бітімін құптады. Осыған байланысты Владимир Путин америкалық әріптесіне Жеңіс күнін тойлау кезінде де атысты тоқтатуға дайын екендігі туралы хабарлады", - деді ол.
Оның айтуынша, Трамп бұл бастаманы белсенді түрде қолдаған.
Сонымен қатар Путин Трампқа Ресей Қарулы Күштері бастаманы қолға алып, қарсыластың позицияларын шегіндіріп жатқанын хабарлады.
Ушаковтың мәліметінше, Ресей президенті АҚШ көшбасшысына Киевтің террористік әдістерге жүгініп жатқанын да айтқан.
"Ресей көшбасшысы Киевтің Ресей аумағындағы азаматтық нысандарға шабуыл жасай отырып, террористік әдістерге ашық түрде жүгініп жатқанын тікелей мәлімдеді", - деді Ушаков.

Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататын келісімге қол жеткізуге аз қалды деп санайды, деді Ушаков.

Фото:POOL