Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зейнеткерлер тегін санаторийге бара алады: Кімге, қалай және қаншалықты қолжетімді?

Зейнеткерлер тегін санаторийге бара алады: Кімге, қалай және қаншалықты қолжетімді?

Зейнеткерлер тегін санаторийге бара алады: Кімге, қалай және қаншалықты қолжетімді?

Қазақстанда зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында санаторий-курорттық ем үйлестіру қарастырылған. Бұл мүмкіндік арқылы зейнеткерлер денсаулығын жақсартып қана қоймай, тегін немесе жеңілдікпен демалып қайтады.

Әлеуметтік қолдау: мемлекет не ұсынып отыр?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде санаторий-курорттық ем алу жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Яғни, зейнеткерлер жолдаманы толық тегін немесе жеңілдікпен ала алады.
Қолданыстағы тәртіпке сәйкес оны:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар,
тыл еңбеккерлері,
кейбір әлеуметтік осал топтарға санаторийге тегін жіберіледі.
Ал жасы бойынша зейнеткерлер үшін жолдаманың басым бөлігін мемлекет субсидиялайды. Яғни орта есеппен жолдама құнының 80-85%-ы бюджеттен өтеледі, қалған бөлігін азамат өзі төлейді.
Мамандардың айтуынша, бұл механизм қарттардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып қана қоймай, аурудың асқынуына жол бермеуге көмектеседі.
Статистика не дейді?
Ресми деректер бұл қызметке сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Мәселен, 2025 жылы Астана қаласында 6 мыңнан астам зейнеткер санаторийде ем алған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 5,4 мың адамды құраған. Жалпы ел бойынша сан мыңдаған зейнеткер жыл сайын осы қызметті пайдаланады.
Санаторий-курорттық ем - зейнеткерлер үшін қолжетімді әлеуметтік қолдаудың нақты тетігі. Дегенмен сұраныстың жоғары болуы кезек мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермей отыр.
Сонымен қатар, елорда тұрғындары жолдамаға birge.astana.kz порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.
Сонымен қатар, зейнеткерлер санының артуы да бұл жүйеге түсетін жүктемені көбейтіп отыр. 2026 жылғы дерек бойынша, Қазақстанда 2 млн 538 мың зейнеткер тіркелген. Міне, дәл осы фактор кезек мәселесінің туындауына әсер етуде. Себебі бюджет мүмкіндігі барлық ниет білдірушіні бірден қамтуға жеткіліксіз. Соның салдарынан кей азаматтар жолдаманы бірнеше ай, кейде бір жылға жуық күтеді.
Жолдаманы қалай алуға болады?
Санаторийге бару үшін тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну керек. Медициналық көрсеткішті растайтын анықтама алып, кезекке тіркеледі. Қазір мұндай процесті онлайн жүргізуге де болады.
Кезегі келген соң өтініш жазып, жеке куәлік пен санаторий-курорттық карта (оны учаскелік терапевт рәсімдейді) секілді құжаттарды дайындау қажет болады. Ал егер белгілі бір себеппен бара алмай қалса, жолдаманы міндетті түрде қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда жолдама басқа адамға берілуі мүмкін немесе басқа күнге ауыстырылады. Ескеретін жайт, жолдама кемінде 3 күн бұрын қайтарылуы тиіс.
Ведомство мәліметінше, жолдама қарапайым зейнеткерлерге - әдетте екі жылда бір рет, жеңілдік санатындағы азаматтарға - жыл сайын беріліп отырады. Ал емдеу мерзімі орта есеппен 10-14 күн аралығын қамтиды.
Астаналықтар қайда бара алады?
Астана қаласының зейнеткерлері көбіне еліміздегі танымал курорттық аймақтарға жіберіледі. Олар: Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Катаркөл көлі маңындағы санаторийлер мен Қарағанды облысы, Приозерск қаласындағы «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне жіберіледі.

Фото:baq.kz