Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 3 млрд доллар тұратын дата-орталық салынады

Қазақстанда 3 млрд доллар тұратын дата-орталық салынады

Қазақстанда 3 млрд доллар тұратын дата-орталық салынады

Қазақстанда қуаты 200 МВт дейінгі дата-орталық салу туралы меморандумға қол қойылды.

GITEX AI халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Dornan Engineering Group пен Ample Solutions Hong Kong (Turner Company) компанияларынан құралған халықаралық консорциуммен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында Қазақстан аумағында Tier III–Tier IV деңгейіндегі жоғары сенімді деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) салу жобасын іске асыру көзделген. Нысанның жоспарлы қуаттылығы 50-ден 200 МВт-қа дейін жетеді. Қуаттылығы 200 МВт (Tier IV деңгейі) болатын дата-орталық құрылысына тартылатын инвестицияның болжамды көлемі 1,5-тен 3 миллиард АҚШ долларына дейінгі аралықты құрайды.
Жобаны тұрақты және дербес энергиямен қамтамасыз ету мақсатында қуаттылығы 250 МВт-қа дейін болатын газ электр станциясын салу жоспарланған. Бұл бағыттағы инвестиция көлемі 200-ден 400 миллион АҚШ долларына дейін бағалануда.
Қазіргі таңда жобаның орналасатын жері таңдалуда. Басымдық газ инфрақұрылымына жақын орналасқан алаңдарға беріледі, бұл энергияны тиімді өндіруге және нысанның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге жол ашады.
Қазақстанның бірегей географиялық орналасуы, салқын климаты мен электр энергиясының салыстырмалы түрде қолжетімділігі халықаралық деректерді өңдеу орталықтарын орналастыру мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды, – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Бұл жобаны іске асыру еліміздің цифрлық инфрақұрылымын ілгерілетуге, шетелдік инвестиция тартуға және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі беделін нығайтуға септігін тигізеді.

Фото: gov.kz