Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан экономикасының өсімі жеделдеді: Өңдеу өнеркәсібі 9,9%-ға артты

Қазақстан экономикасының өсімі жеделдеді: Өңдеу өнеркәсібі 9,9%-ға артты

Қазақстан экономикасының өсімі жеделдеді: Өңдеу өнеркәсібі 9,9%-ға артты

Экономикалық серпіннің негізгі драйверлерінің бірі – өңдеу өнеркәсібі болды.

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсімі жеделдей түсті. Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, осы кезеңде елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бірінші тоқсан қорытындысындағы 3%-дық өсімнен жоғары.

Экономикалық серпіннің негізгі драйверлерінің бірі – өңдеу өнеркәсібі болды. Төрт айдың қорытындысы бойынша бұл сектордағы өндіріс көлемі 9,9%-ға артты. Ал қаңтар-наурыз айларында өсім 8,5% деңгейінде болған еді.
Өнеркәсіп саласында жалпы оң динамика байқалды. Нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады. Бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 99,9%-ға дейін төмендеген болатын.
Машина жасау саласы жоғары өсімді сақтап отыр. Өндіріс көлемі 23,3%-ға ұлғайды. Бұған көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, сондай-ақ электр жабдықтарын шығару көлемінің артуы әсер еткен.
Сонымен қатар бірқатар өңдеу салаларында да айтарлықтай өсім тіркелді. Атап айтқанда:
азық-түлік өндірісі 14,4% өсті.
химия өнеркәсібі 18,4%;
құрылыс материалдары 27,7%;
фармацевтика 35,2%;
жиһаз өндірісі 41,7%;
жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 2,3 есе;
Тау-кен өнеркәсібінде төмендеу сақталғанымен, оның қарқыны бәсеңдей бастаған. Саладағы индекс 92,7%-ды құрады. Ал бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 88,6% болған. Бұл мұнай секторындағы теріс әсердің біртіндеп азайып келе жатқанын көрсетеді.
Төрт айдың қорытындысы бойынша ең жоғары өсім мына салаларда байқалды:
ауыл шаруашылығы – 3,6%.
сауда – 5,1%;
өңдеу өнеркәсібі – 9,9%;
көлік және қоймалау – 12%;
құрылыс – 14,5%;
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі экономикалық өсім құрылымында шикізаттық емес секторлардың үлесі артып келеді. Әсіресе құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібі ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр.
Фото:magnific.com