Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде өткінші жаңбыр жауады
Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде өткінші жаңбыр жауады
Астана, Алматы мен Шымкентте 13 мамырда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с деңгейінде болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,7 м/с деңгейінде болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 26 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,9 м/с деңгейінде болмақ.
фото: NUR.KZ