Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық банк "Altyn Orda" коллекциялық күміс монетасын шығарды

Ұлттық банк

Ұлттық банк "Altyn Orda" коллекциялық күміс монетасын шығарды

Қазақстан Ұлттық банкі "Ұлы оқиғалар мен адамдар" сериясынан "Altyn Orda" коллекциялық монетасын айналымға шығарады

Монетаның сатылымға шығатын күні туралы ақпарат кейінірек Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында жарияланады.
Мыңжылдық өркениетінің сабақтастығы
Алтын Орда – XIII–XV ғасырларда Еуразиядағы ең ірі мемлекеттердің бірі болған. Ол өңірдің саяси, экономикалық және мәдени дамуына айтарлықтай ықпал етті. Алтын Орда Шығыс пен Батыс арасындағы тұрақты сауда байланысын қамтамасыз етіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың дамуына, көпұлтты әрі көпконфессиялы кеңістіктің қалыптасуына әсер етті.
Алтын Орданың тарихи мұрасы Ұлы Даланың мыңжылдық өркениетінің сабақтастығын айқындай отырып, Еуразия халықтарының, оның ішінде қазіргі Қазақстан аумағындағы мемлекетшілдік пен мәдени бірегейліктің қалыптасуында маңызды орын алады.
Бұл кезең қалалық мәдениеттің, қолөнердің, ақша жүйесінің және дипломатиялық қатынастардың дамуымен ерекшеленеді. Коллекциялық монетаның шығарылуы тарихи жадыны сақтауға, мәдени мұраны дәріптеуге және мемлекеттіліктің қалыптасуындағы маңызды кезеңдерді көрсетуге бағытталған.
Алтынмен апталған, күмістен жасалған коллекция
Монета алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен жасалған. Салмағы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм. Дайындалу сапасы – «proof», номиналы – 2000 теңге. Жалпы таралымы – мың дана.
Монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша өзінің атаулы құнына сәйкес қабылдануға міндетті. Сондай-ақ оны банктік шоттарға аударуға, айырбастауға және барлық банктерде ұсақтауға болады.
Монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Фото: Ұлттық банк