Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атануы мүмкін

Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атануы мүмкін

Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атануы мүмкін

2026 жылғы 13-14 мамыр күндері Қазан қаласында Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы – ИСЕСКО Бас конференциясының 15-ші сессиясы өтіп жатыр.
Іс-шара барысында қатысушылар ұйымның 2020-2025 жылдар аралығындағы атқарған жұмысына шолу жасап, ИСЕСКО-ның 2026-2029 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын талқылады. Құжатта ұйымның алдағы кезеңдегі негізгі даму басымдықтары айқындалған.
Жиын аясында Түркістан қаласының 2027 жылғы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылуы Қазақстан үшін маңызды мәдени бастамалардың бірі болды.
Конференцияда ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли кейінгі жылдары Ислам әлемі мұралары тізіміне Қазақстаннан «Тоғызқұмалақ» дәстүрлі ойыны, «Ою-өрнек» сәндік-қолданбалы өнердің үлгісі және «Қармақшы жыраулары» ауызша поэзия дәстүрі сақталған өнер мектебі енгізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар қазақстандық тарап 2026 жылы Алматы қаласында әл-Фарабидің адамзат тарихына қосқан үлесіне арналған II халықаралық конференция өтетінін жариялады. Іс-шара ИСЕСКО ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылады.

Фото:baq.kz