Астанада екінші әуежай салына ма?
Астанада екінші әуежай салына ма?
Қала билігі бірнеше бағытты қарастырып жатыр, нақты орын әлі анықталмаған.
Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев елордада екінші әуежай салу мәселесіне қатысты пікір білдірді
Әзірге нақты орны анықталған жоқ. Бірақ қала өсіп келе жатқандықтан, болашақта екінші әуежай қажет болатыны анық. Қазір бірнеше бағыт қарастырылып жатыр: Қосшы бағыты, Қарағанды және Павлодар трассалары маңы. Бұл бойынша жұмыс жүріп жатыр. Арнайы сарапшылар тобы айналысуда, – деді Ерсін Өтебаев Парламент палаталарының кулуарында.
Бұған дейін Түркия бизнесі Қазақстандағы әуежайларды жаңғыртумен айналысатыны хабарланған болатын.
Фото:aeroport.kz