Тоқаев Түркістанда ТМҰ елдерінің басшыларын қарсы алды
Тоқаев Түркістанда ТМҰ елдерінің басшыларын қарсы алды
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті
Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Осыдан кейін саммитке қатысуға келген делегация басшылары бірге суретке түсті.
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) ортақ түркі мәдениетіне, тарихына және тіліне негізделген елдердің басын біріктіреді. Оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Түрікменстан мен Мажарстан бақылаушы мемлекеттер болып саналады.
Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды.
Фото: Ақорда