Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық сейсмологтар Өзбекстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Өзбекстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Өзбекстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстан сейсмологтары 20 мамырға қараған түні Өзбекстан аумағында жер сілкінісін тіркеді

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығының сайтында хабарланды.
Жедел ақпаратқа сәйкес, 20 мамыр күні Астана уақытымен сағат 01:40-та (Гринвич бойынша 19 мамыр сағат 20:40-та) Өзбекстанда жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 40,33 градусы және шығыс бойлықтың 63,03 градусы. Магнитудасы mb=5,6. Энергетикалық класы K=13,5.

Өзбекстан ТЖМ деректері бойынша, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,3-ті құрады. Жер сілкінісінің эпицентрі Бұхара облысының Қаракөл ауданында 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулерінің күші Бұхара облысында 3–4 балға, Науи облысында 2–3 балға жетті. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық оңтүстік-батыс бағытында 527 шақырымды құрады.
Өткен аптада қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас аймағында, сондай-ақ ҚХР аумағында магнитудасы 4,8 және 4,5 болатын екі жер сілкінісін тіркеді.

Фото:depositphotos.com