Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан боксшылары 2025 жылы халықаралық жарыстарда 113 медаль жеңіп алды

Қазақстан боксшылары 2025 жылы халықаралық жарыстарда 113 медаль жеңіп алды

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов 2025 жылы қазақстандық боксшылар халықаралық жарыстарда жеңіп алған медальдардың жалпы санын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

– 2025 жылы боксшыларымыз халықаралық аренада 113 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 58 алтын, 28 күміс және 27 қола медаль бар. Бұл – бапкерлер штабы мен өңірлік федерациялардың бірлескен жұмысының нәтижесі, – деді Ақшалов.

2025 жылғы маусымда қазақстандық былғары қолғап шеберлері үшін негізгі халықаралық жарыстардың қатарында Ливерпульде өткен әлем чемпионаты, желтоқсанда Дубайда ұйымдастырылған IBA әлем чемпионаты және Астанада өткен World Boxing әлем кубогы болды.

Астанадағы әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтті.

Ал Ливерпульдегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Ұлттық құрама аталған жарыста 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогына дайындығын бастады.

Фото: ҚБФ