Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Оқушылар енді ұстаздарына виртуалды гүл шоқтарын жолдай алады

Оқушылар енді ұстаздарына виртуалды гүл шоқтарын жолдай алады

Соңғы қоңырау қарсаңында отандық тегін BilimClass электрондық журналы ерекше акция ұйымдастырып жатыр. Енді мектеп оқушылары мен ата-аналар платформа ішінде мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын жолдай алады.

BilimClass мәліметінше, мұндай виртуалды сыйлықтар — жыл бойы балаларға білім беріп, қолдау көрсеткен мұғалімдердің еңбегіне деген шынайы құрметтің белгісі.

— Енді әрбір оқушы ұстазын жылдам әрі шығынсыз құттықтай алады. Гүл шоғын сыйлау үшін оқушылар мен ата-аналар BilimClass платформасындағы гүл белгішесін басып, мұғалімдерді таңдап, оларға жүрекжарды тілегін жазып жібере алады. Науқан 26 мамырға дейін жалғасады. Ол күні мұғалімдер барлық гүл шоқтарын алып, оқушыларынан келген хаттарды оқи алады, — дейді BilimClass өнім жетекшісі Фархат Үсен.

BilimClass — қазақстандық тегін электрондық журнал. Платформа құрамына мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және терең аналитика да кіреді. Жүйе толықтай отандық және пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығына кепілдік береді. Бүгінгі платформаны Қазақстанның 13 өңірінде 2,2 миллион оқушы мен 300 мыңнан аса мұғалім қолданады.

Платформаны цифрлық білім беру технологиялары саласында 15 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан Bilim Group IT холдингі әзірлеген. Бүгінде компания экожүйесіне OnlineMektep, BilimLand, BilimKids, BilimUstaz, Kitap.kz, SmartNation және өзге де өнімдер кіреді.

Фото: BilimClass