Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Инклюзивті қоғам: бас қалада жыл аяғына дейін нысандардың 80%-ы бейімделеді

Инклюзивті қоғам: бас қалада жыл аяғына дейін нысандардың 80%-ы бейімделеді

Астанада мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері жүргізілген бақылау барысында пандус, тактильді белгілер мен арнайы бейімдеу талаптарының орындалмауына байланысты айыппұлдар салынып, нысандардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Астана бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетовтың айтуынша, азаматтардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасына ерекше назар аударылады.

— 2026 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша департамент Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарының сақталуына қатысты 17 тексеру жүргізді. Оның ішінде 1 профилактикалық тексеру, 8 жоспардан тыс тексеру және прокуратура органдарымен бірлесіп өткізілген 8 тексеру өткен, — дейді Асқар Аймағамбетов.

Қабылданған шаралар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары иелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында жүргізілңп жатыр.
Бекітілген жоспарға сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін «INVA.gov.kz» порталының қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген әлеуметтік маңызы бар нысандардың бейімделу деңгейі жалпы нысандар санының 80%-ын құрауға тиіс.

— Қазіргі таңда жүйеге Астанның әлеуметтік инфрақұрылымының 2143 нысаны енгізілген. Оның ішінде 1435 нысан бейімделген, бұл 67%-ды құрайды. Жыл соңына дейін 1714 нысанды бейімдеу қажет, — делінген хабарламада.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Құрылыс кодексінің 135-бабының нормасы күшіне енеді. Жаңа нормаларға сәйкес, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігін растау функциясы жергілікті атқарушы органдарынан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.

Аталған функцияны Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті жүзеге асырады.

Қалалық ортаның қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтаумен және инклюзивті қоғам қалыптастырумен тікелей байланысты.

Мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз қозғалуына және қызметтерді алуына жағдай жасау тек заңнама талабы ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі мен қалалық инфрақұрылым сапасының маңызды көрсеткіші.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада мүгедектігі бар балаларға арналған аралас әлеуметтік қызмет моделі енгізілгенін жаздық.

Фото: Астана қаласының әкімдігі