Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауыл шаруашылығы министрлігі кредит пен лизингті субсидиялау тәртібін жаңартпақ

Ауыл шаруашылығы министрлігі кредит пен лизингті субсидиялау тәртібін жаңартпақ

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке алу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Тиісті бұйрық жобасы министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Өзгерістер 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 765 «Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыру жөніндегі 2025 — 2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысын 6.6 тармағыны Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті лизингтік қаржыландыруды көздейтін және «Бәйтерек» АҚ еншілес ұйымдары арқылы іске асырылатын бағдарламалық құжаттардың шарттарына оларды іске асыруда лизингті қаржылық қолдау шараларының жиынтық көлемінде кемінде 10% деңгейінде үлесі бар жеке лизингтік компаниялардың қатысуын қамтамасыз ету бойынша мақсаттарды белгілей отырып өзгерістер енгізу іске асыру мақсатында енгізіледі.

АӨК субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін қаржы институттарының тізбесіне лизингтік компанияларды енгізу бөлігінде өзгерістер көзделеді.

Құжат жобасымен «Ашық НҚА» порталында танысып, қоғамдық талқылау аясында өз пікіріңізді білдіруге болады.

Айта кетейік, «Аграрлық несие корпорациясы» сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдер қабылдап жатыр.

Коллаж: Kazinform/Gov.kz/Freepik