Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде шегірткемен күреске авиация мен дрондар қолданылып жатыр

Елімізде шегірткемен күреске авиация мен дрондар қолданылып жатыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қорғаныс шаралары 12 өңірде арнайы жерүсті техникасын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және авиацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Өңдеу жұмыстары Түркістан облысында (291,2 мың га), Жамбыл облысында (116 мың га), Ақтөбе облысында (35,6 мың га) және Жетісу облысында (17,3 мың га) орындалды.

Қалған өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аумақтық инспекция мамандары «Фитосанитариялық диагностика және болжамдардың республикалық әдістемелік орталығы» мекесімен бірлесіп, зиянкестердің таралу ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг пен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барлық өңірлер қорғаныс шараларын толық көлемде жүргізу үшін қажетті пестицидтер қоры мен арнайы техникамен қамтамасыз етілген.

- Шегірткелердің шекаралас аумақтар арқылы көшуіне жол бермеу мақсатында министрлік көршілес елдердің салалық ведомстволарымен тұрақты түрде жедел ақпарат алмасу жұмыстарын қолға алып келеді, - делінген хабарламада.

Шегіртке зиянкестерінің таралу жағдайы мен жүргізіліп жатқан қорғау шаралары ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында. ‎

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі