Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы облысында прокуратура мемлекет пен бизнес мүддесін қорғады

Алматы облысында прокуратура мемлекет пен бизнес мүддесін қорғады

Прокуратура инвестор құқығын қорғап, заңсыз шешімдердің күшін жойды, деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокурорлық ден қою актілері бойынша сот талқылаулары қатысушыларының бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, елеулі қаржылық шығындардарға жол берілмеді. Атап айтқанда, бұрын сот тарапынан өз мүдделерін қорғау мүмкіндіктері негізсіз шектелген «А» компаниясы — инвестордың құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, салық және мемлекеттік сатып алу даулары бойынша бюджетке 185 млн теңге көлемінде залал келтірілуінің жолын кесті.

Талғар ауданындағы «Кендала» учаскесінде құм-қиыршықтас қоспасын өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану келісімшартының сот арқылы қайта күшіне енуіне жол берілмеді.

Бұдан бөлек, газ тарату желілерін салу барысында заң талаптарын айналып өтіп, мемлекеттік орган мен компания арасындағы мемлекеттік сатып алу шартының заңсыз ұзартылуына тосқауыл қойылды.

— Осы қабылданған шаралар прокуратураның заңдылықты қамтамасыз етудегі бюджет қаражатын, бизнес құқықтарын және өңірдің инвестициялық ахуалын қорғаудағы маңызды рөлін айқындайды, — делінген хабарламада.

Фото: Еңбекмині