Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Теміржолшыларға алғашқы жарнасыз 4 пайыздық ипотека беріледі

Теміржолшыларға алғашқы жарнасыз 4 пайыздық ипотека беріледі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында теміржолшыларға арналған ипотека әзірленіп жатқанын айтты.

— Мемлекет басшысының қолдауымен теміржолшылар тұрақтамайтын және маман тапшы өңірлердегі жұмысшыларды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды. Шарттары өте жеңіл. Ипотеканың жылдық сыйақысы 4 пайыз болады. Ешқандай алғашқы жарна салудың қажет жоқ. Мерзімі 16 жылға дейін. Бірінші кезеңде 534 отбасыны осы ипотекамен қамтуды жоспарлап отырмыз. Қолданысқа берілетін баспана ҚТЖ-ның өндіріс аумақтарына көрші аудандарда салынды. Мектеп пен балабақшада жаяу баратын жерде тұр, — деді ҚТЖ басшысы.

Аталған бағдарлама Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларында іске асырылады. 

— Басқа өңірлерді де пысықтап жатырмыз, — деді Талғат Алдыбергенов.

Бұған дейін 2030 жылға дейін елдің теміржол инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд доллар инвестиция салынатынын жазған едік. Бұл ҚТЖ-ның қазіргі жалпы қарызымен шамалас сома. Соңғы деректер бойынша ұлттық теміржол компаниясының жалпы қарызы 4,7 трлн теңгеден асқан.

Фото: ҚТЖ