Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды – Үкімет отырысы

Мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды – Үкімет отырысы

Мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды – Үкімет отырысы
11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусымда өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті.

- Алдағы уақытта - 29 мамыр мен 15 маусым аралығында 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды аттестаттауы өтеді. Емтихандардың ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында материалдар білім беру ұйымдарына тікелей емтихан күні жолданады, - деді Ж. Сүлейменова.

Сонымен қатар ол 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланғанын айтты. Іс-шараларды тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу тапсырылды.

- Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы өзекті, - деді министр.
Фото: Үкімет