Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елде 3 мыңнан астам бала полицияның есебінде тұр - ІІМ

Елде 3 мыңнан астам бала полицияның есебінде тұр - ІІМ

Елде 3 мыңнан астам бала полицияның есебінде тұр - ІІМ
Полиция есебінде тұрған балаларды әлеуметтік пайдалы жұмысқа және спортқа тарту жұмыстарын күшейту керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлім етті.

- Тәртібі жағынан «қиын» жасөспірімдерді анықтап, бақылауда ұстаймыз. Қазір 3 мыңнан астам бала полицияның есебінде. Олармен тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр – әлеуметтік пайдалы жұмысқа және спортқа тартылып жатыр. Дегенмен, жергілікті органдар тарапынан мұндай балалардың тек 60%-ы ғана қамтылған, - деді Е. Сәденов.

Осы орайда әкімдіктерге жазғы демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

- Сонымен қатар, бүгінде балалардың терезеден құлауы, су қоймаларында қаза болуы, көлікпен балаларды қағу жағдайлары көбейді. ІІМ тарапынан олардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, оқушылардың жазғы демалысы орталықтарына полиция инспекторлары бекітілді.
Фото: ҚР ІІМ