Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір күміс алды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір күміс алды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір күміс алды
 Қырғызстанда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топтық сайыста өнер көрсеткен Ұлттық құрама 5 доп жаттығуының финалында 26.30 ұпай жинап, екінші орын алды деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аталған бағдарламада 10 елдің құрамалары бақ сынап, өзара мықтыны анықтауда.

Нәтижесінде Қытай құрамасы 27.95 ұпаймен көш бастады. Ал үшінші орын Оңтүстік Кореяға (25.35) бұйырды.

Еске сала кетейік, былтырғы Азия чемпионатында қыздарымыз топтық жаттығуда 3 шығыршық және 2 жұп ұршық сайысында алтын медаль жеңіп алып, 5 таспа бәсекесінде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Сонымен қатар, бұл жарыс күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы