Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеудің жаңа тәртібі бекітілді
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеудің жаңа тәртібі бекітілді
 Қазақстан Үкіметі зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін есептеудің жаңа тәртібін бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжатқа сәйкес, енді зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін анықтау кезінде бірнеше негізгі көрсеткіш ескеріледі. Атап айтқанда, жылдық табыстылық мөлшерлемесі 9% болып белгіленді. Ал міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін ай сайынғы төлемдердің жыл сайынғы өсімі 8% деңгейінде есепке алынады.

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі арнайы формула арқылы есептеледі:

ПМДx0 = 12 × ПВx0 × äx0

x0 — салымшының жасы;
ПВ — ай сайынғы ең төменгі төлем мөлшері;
ä — зейнет жасына жеткеннен кейін өмір бойы төленетін төлемдердің бүгінгі құнын есептеуге арналған коэффициент.
Құжатта ең төменгі жеткілікті шек алдыңғы жылғы деңгейден төмен болмауы тиіс екені көрсетілген. Сонымен қатар ол инфляция деңгейінен 5 пайыздық тармаққа жоғары мөлшермен қайта есептеледі.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң, яғни 4 маусымнан бастап күшіне енеді.Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенаттағы брифингте зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған шек биыл өсуі мүмкін екенін айтқан еді.

Сондай-ақ Ұлттық банк зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Бұл болашақтағы зейнетақы төлемдерінің көлемін арттыруға бағытталған.
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі