Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бас прокуратура алаяқтарды анықтауға жасанды интеллектіні іске қосты

Бас прокуратура алаяқтарды анықтауға жасанды интеллектіні іске қосты

Жасанды интеллект көмегімен 38 алаяқтық сайт бұғатталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті базасында құрылған Қылмыстық қауіптерді болжау орталығы үлкен деректерді, ведомствоаралық ақпарат алмасуды және жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы сыртқы және ішкі қауіптердің алдын алу жөніндегі ұсынымдар қамтылған 192 ақпараттық хатты мемлекеттік органдарға жолдады. 38 алаяқтық интернет-ресурс бұғатталды.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа алаяқтықтың жаңа тәсілдері мен сақтық шаралары жөнінде тұрақты түрде ақпарат беріліп келеді — азаматтарға арналған 16 ескерту жарияланды.

Орталық енгізген шешімдердің қатарында медиакеңістік пен интернет-алаяқтықтарды мониторингтеу жүйелері, «e-Өтініш» жүйесіндегі азаматтардың өтініштерін талдау, сондай-ақ көшедегі және қайталама қылмыстылықты болжау модельдері бар.

— Сонымен қатар Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект енгізу жобасын іске асырып жатыр. Пилоттық жоба Астана қаласы мен Ақмола облысының бірқатар полиция бөлімшесінде жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында тергеуді жоспарлау, жауаптарды транскрипциялау және талдау, сондай-ақ процестік құжаттарды автоматты түрде қалыптастыру модульдері енгізілді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Жалпы «Цифрлық көмекші» модульдері арқылы 231 тергеу жоспары, 72 жауап алу хаттамасы, 65 айыптау актісі және қылмысты саралау туралы 15 қаулы қалыптастырылды.

Құқық қорғау саласындағы цифрлық құралдарды дамыту Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Бас прокуратура «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және тиімді «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру мақсатында цифрлық шешімдерді дамыту жұмысын жалғастырады. 

Фото: Gov.kz