Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі

Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп, Никос Христодулидистің елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

"Мемлекеттеріміздің ынтымағын көздеген ниетіңіз үшін Сізге шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Қазақстандықтар Сізді айнымас дос әрі халықаралық деңгейдегі беделді мемлекеттік қайраткер ретінде таниды. Белсенді қызметіңіздің арқасында өзара сенім, саяси диалог және ынтымақтастығымыз нығая түсті. Ортақ күш-жігер арқылы қарым-қатынасымызға тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз деп сенемін. Қазақстан мен Кипр арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесіңізге шексіз құрметтің белгісі ретінде Сізге І дәрежелі "Достық" орденін табыстау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл орден атауы айтып тұрғандай, достықты, Қазақстан мен Сіздің еліңіздің арасындағы қарым-қатынастың негізі саналатын сенім мен серіктестік рухын сипаттайды. Жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін! Достас Кипр халқының игілігі мен өркендеуі жолында жетістіктерге жете беріңіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде, Кипр президенті жоғары награданы табыстағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
"Марапатты екі ел арасындағы достықтың нышаны ретінде Кипр халқының атынан қабыл аламын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Бүгінгі сапар перспективті салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы ортақ мүдде мен мықты саяси ерік-жігерімізді паш етеді", – деді Никос Христодулидис.

Фото: Ақорда