Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын бекітті

Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын бекітті

Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Qazaqstan" жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

"Мемлекет басшысы "Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі "Digital Qazaqstan" жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.
Жарлықтың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Сол кезде Президент жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу елімізді жан-жақты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітілетінін айтты.
"Бәріңізге белгілі, биыл елімізде – "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы". Сондықтан алдымызда әлі де көп жұмыс бар. Ширақ қимылдап, тұтас қоғам болып табанды еңбек етуіміз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, қазіргідей құбылмалы, дүрбелеңге толы заманда бәсекеге қабілетті ел болып, көш соңында қалмай, өркениетті елге сай өсіп-өркендей беру қажет.

Фото: Ақорда баспа сөз қызметі