Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алдағы үш жылда елге келетін туристер саны 11 миллионға артады

Алдағы үш жылда елге келетін туристер саны 11 миллионға артады

Алдағы үш жылда елге келетін туристер саны 11 миллионға артады

Қазақстанда 2029 жылға дейін ішкі туристер санын 11 миллион адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін елде туризмнің жаңа бағыттары дамытылып, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған 180-нен астам іс-шара жүзеге асырылады.

Елімізде туризм саласын одан әрі дамыту 2029 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады. Мұны Үкімет мәлімдеді.

Олардың мәліметінше, жаңартылған жоспар алты негізгі бағытты қамтиды және 61 іс-шараны іске асыруды көздейді. Бұдан бөлек, 2026–2029 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, оған 119 нақты іс-шара енгізілген.
“Негізгі мақсаттардың бірі – 2029 жылға қарай ішкі туристер санын 11 миллион адамға дейін жеткізу. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін туристік инфрақұрылымды жетілдірумен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға басымдық беріледі”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар туристерге ұсынылатын демалыс түрлерін көбейтуге ерекше көңіл бөлініп отыр.
“Дәстүрлі туристік бағыттармен қатар, елімізде экотуризм, агротуризм, автотуризм, ат спорты бағытындағы маршруттар, гастрономиялық және іскерлік MICE-туризм қарқынды дамытылып жатыр.  Бұдан бөлек, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту да маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл жұмыс саяхатты білім беру бағдарламаларымен ұштастыратын “Табиғат сабақтары” жобасы арқылы жүзеге асырылмақ”, – делінген үкімет хабарламасында.
Үкімет мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар еліміздің туристік әлеуетін тиімді пайдаланып, ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Фото: magnific.com