Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс даңқы залына енгізілді

Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс даңқы залына енгізілді

Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс даңқы залына енгізілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына мүше болды. Боксшы Халықаралық бокс даңқы залына алғашқы мүмкіндіктен-ақ қабылған.

Геннадий Головкин Қазақстан тарихында бұл таңдаулы қауымдастықтың мүшесі атанған алғашқы спортшы атанды. Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді бокс тарихының ұлы тұлғаларымен қатар тұр.
Қазақстандық боксшымен бірге "Класс 2026" тізіміне келесі спортшылар енді:
Men’s Modern санаты: Геннадий Головкин (Қазақстан), Антонио Тарвер (АҚШ), Найджел Бенн (Ұлыбритания);
Women’s Modern санаты: Наоко Фудзиока (Жапония), Джеки Нава (Мексика).
Геннадий Головкиннің бұл мәртебеге ие болуына оның спорттық көрсеткіштері негіз болды. Әуесқой бокста ол 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жеткен. Кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін Головкин XXI ғасырдағы орта салмақтағы үстемдік ететін чемпиондардың біріне айналды. Оның еншісінде 45 жекпе-жек пен 42 жеңіс бар. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Спорттық мансабында ол WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың әлемдік рейтингінде (Pound-for-Pound) көш бастады.
Оның тоғыз жыл бойы жалғасқан қатарынан 23 нокауттық жеңісі осы дивизион тарихындағы ең ұзақ серия болып саналады. Сонымен қатар боксшы әлем чемпионы титулдарын 21 рет сәтті қорғаған. Ал 90 пайыздан астам мерзімінен бұрын аяқталған жеңістері әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары нәтижелердің бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.
Бұған дейін Геннадий Головкин XXI ғасырдағы ең үздік боксшы атанған еді. Boxing.media платформасы қазіргі заманның ең мықты былғары қолғап шеберлерінің рейтингін жариялады. Аталған тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 11-орынға ие болды.
Аңызға айналған боксшы орта салмақта WBA, IBF және WBC нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін ұзақ жылдар бойы абыроймен қорғап, ел мерейін асқақтатты.
Фото: instagram.com/gggboxing