Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда роботакси таныстырылды

Алматыда роботакси таныстырылды

Алматыда роботакси таныстырылды

Роботакси жасанды интеллект негізінде жұмыс істеп, жол жағдайын үздіксіз бақылау және қауіпсіз әрекет ету жүйелерімен жабдықталған.

Алматыда Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Дамир Қожахметовке Yandex Qazaqstan компаниясының роботаксиі таныстырылды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.
Жоба пилоттық режимде кезең-кезеңімен іске қосылады. Алғашқы кезеңде технология шектеулі форматта сынақтан өтіп, кейін нақты тәжірибе мен қауіпсіздік көрсеткіштеріне қарай кеңейтіледі. Сервисте тәулік бойы диспетчерлік қолдау мен сапарларды сақтандыру қарастырылған.
Роботакси жасанды интеллект негізінде жұмыс істеп, жол жағдайын үздіксіз бақылау және қауіпсіз әрекет ету жүйелерімен жабдықталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көлік министрлігі пилотсыз көліктерді пайдалануға арналған заңнамалық базаны әзірлеуде. Тиісті түзетулер роботаксилердің мәртебесін, пайдалану тәртібін және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін айқындауды көздейді.
Пилоттық жобаларды жүзеге асыру үшін цифрлық инфрақұрылымы дамыған Алматы мен Астана негізгі алаң ретінде қарастырылып отыр. Министрлік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, заманауи көлік технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастырады.

Фото: Көлік министрлігі