Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Найзағай, бұршақ және аптап ыстық: 16 облыста ескерту жарияланды

Найзағай, бұршақ және аптап ыстық: 16 облыста ескерту жарияланды

Найзағай, бұршақ және аптап ыстық: 16 облыста ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК бүгін, 16 маусымда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді. Елдің бірқатар өңірінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және аптап ыстық қатар байқалады.

Синоптиктердің болжамына сай:

Солтүстік және орталық өңірлерде (Ақмола, Қостанай, Павлодар, СҚО) – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ және тұман күтіледі.

Батыс өңірлерде (БҚО, Атырау, Маңғыстау) – найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде тұман, жел күшеюі мүмкін.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда) – қатты аптап ыстық 35–40°С-қа дейін жетіп, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр болжанады.

Шығыс өңірлерде (ШҚО, Абай облысы) – жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі.

Кейбір облыстарда өрт қаупі жоғары, тіпті төтенше деңгейге дейін жетуі мүмкін екені ескертілді

Мамандар тұрғындарға ауа райының құбылмалы болуына байланысты сақтық шараларын сақтауға, әсіресе ашық далада және таулы аймақтарда қауіпсіздікке мән беруге кеңес береді.


Фото: depositphotos.com