Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстың үшінші кезеңі басталды

Астанада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстың үшінші кезеңі басталды

Астанада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстың үшінші кезеңі басталды 

Астанада масаларға қарсы ауқымды дезинфекциялық жұмыстың үшінші кезеңі басталды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 16 маусымнан бастап қаланың орталық бөлігінде жаппай өңдеу жүргізілуде. Кейін масалардың шеткі аудандарға ығысуына және қайта таралуына жол бермеу шаралары қолға алынады.
Биылғы маусым басталғалы бері Астанада 26 мың гектардан астам аумақ өңделген. Дезинсекциялық жұмыстар күн сайын түнгі сағат 21:00-ден таңғы 04:00-ге дейін жүргізіледі. Әр кезеңнің ұзақтығы – 20 күн, – делінген Астана әкімдігінің дерегінде.
Мамандардың айтуынша, биылғы науқан алты кезеңнен тұрады. Масаларды толық жою көзделмейді, алайда жүргізіліп жатқан шаралар олардың санын 90 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Өңдеу жұмыстарына механикалық роторлы бүріккіштер, арнайы техникалар, квадрокоптерлер және ірі су айдындарында қолданылатын арнайы қайықтар пайдаланылады. Науқанға арнайы дайындықтан өткен 150-ден астам маман жұмылдырылған.
Сонымен қатар тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдарға, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелеріне, құрылыс нысандары мен сауда орындарына жертөлелерді тазалап, қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Мамандар өңдеу жүргізіліп жатқан уақытта тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, терезелерді жауып қоюға және өңдеу аумақтарына бармауға кеңес береді.

Фото: gov.kz