Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы облысында 23 ауыл алкоголь сатудан бас тартты

Алматы облысында 23 ауыл алкоголь сатудан бас тартты

Алматы облысында 23 ауыл алкоголь сатудан бас тартты


Алматы облысында алкоголь сатудан бас тартқан ауылдардың саны артып келеді. Солардың бірі - Бура ауылының тұрғындары дәл осы шешім сирек кездесетін нәтижеге қол жеткізуге көмектескенін айтады: мұнда кейінгі бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Телеарнаның мәліметінше, осыдан төрт жыл бұрын ақсақалдар бастама көтеріп, жастар бұл шешімді қолдаған. Бүгінде жергілікті дүкендерде ішімдік те, темекі өнімдері де сатылмайды.
"Ауылымыз тыныш. Балаларымыз жақсы, жастарымыз да үлгілі. Ешқандай оқиға болмайды. Дүкендерде ішімдік сатылмайды. Сондықтан жайбарақат өмір сүріп жатырмыз, бәрі тыныш", - деді ауыл тұрғындарының бірі.
Тұрғындар ауылдағы ахуалдың әлдеқайда тынышталғанын айтады.
"Қазір бізде тіпті той-томалақ ішімдіксіз өтеді. Өзге де мерекелерді де арақ-шарапсыз атап өтеміз. Меніңше, бұл өте дұрыс. Сондықтан біз мұндай бастаманы қолдаймыз", - деп түсіндірді тағы бір ауыл тұрғыны.
Сюжеттегі мәліметке сүйенсек, полицейлер мұнда кейінгі жылдары бірде-бір құқықбұзушылық тіркемеген. Ауыл тұрғындары жастар тәрбиесіне және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөледі.
"Біздің ауылда көптен бері бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Ішімдік мұнда сатылмайды. Тұрғындар бұл бастаманы өздері көтеріп, тәртіпті сақтап отыр. Біз "Ішімдіксіз ауыл" жобасы аясында жұмысты бірлесе жалғастырамыз", - деді учаскелік инспектор Бекзат Байытдүйсен.
Телеарнаның ақпараты бойынша, Алматы облысында барлығы 23 ауыл ішімдік сатудан ерікті түрде бас тартқан. Өңірлік полиция департаменті мұндай елді мекендердің саны жыл сайын артып келе жатқанын нақтылады

Фото: depositphotos.com