Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерлан Қарин «Таза Қазақстанды» табысты қоғамдық бастаманың үлгісі деп атады

Ерлан Қарин «Таза Қазақстанды» табысты қоғамдық бастаманың үлгісі деп атады

Ерлан Қарин «Таза Қазақстанды» табысты қоғамдық бастаманың үлгісі деп атады 

Мемлекеттік кеңесші мемлекеттік органдарға қоғамдық сұраныстарға жауап қайтарумен ғана шектелмей, жасампаз бастамалар мен жаңа құндылықтарды өздері ілгерілетуі қажет деп есептейді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция күшіне енер қарсаңда өткен ішкі саясат мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте идеологиялық жұмыстағы өзекті міндеттер мен басымдықтарды атап өтті.
Оның айтуынша, проактивті тәсілге көшу қажет.
Бірінші кезекте түрлі позитивті трендтерді қолдап қана қоймай, өзіміз де жаңа, жасампаз әрі прогрессивті күн тәртібін белсенді түрде қалыптастыруымыз керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып, небәрі екі жыл ішінде еліміздің қалалары мен ауылдарын абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі ауқымды қоғамдық қозғалысқа айналған "Таза Қазақстан" науқаны бұған жақсы мысал бола алады. Сонымен қатар, акцияның жасампаздыққа, жауапкершілікке және тәртіпке ұмтылуға негізделген қағидаттары бүгінде азаматтардың мінез-құлық үлгісінің ажырамас бөлігіне айналып келеді, – деп есептейді Қарин.
Мемлекеттік кеңесші соңғы жылдары Президент саясатын, ол бастамашы болған қағидаттар мен құндылықтарды қоғамдық қолдаудың артқаны байқалып отырғанын атап өтті. Бұл ретте, ол қарқынды ешбір жағдайда бәсеңдетуге немесе қол жеткізілген нәтижелермен шектеліп қалуға болмайтынын қадап айтты.
Біз үнемі алға жылжуымыз керек. Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың сұраныстарына тиімді жауап беру, проактивті режимде жасампаз күн тәртібі мен жаңа конституциялық құндылықтарды ілгерілету, сондай-ақ Президент бастамаларының сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, – деп түйіндеді Қарин.
Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Фото: gov.kz