Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Роналду бастаған Португалия Өзбекстан қақпасына бес гол соғып, жеңіске жетті

Роналду бастаған Португалия Өзбекстан қақпасына бес гол соғып, жеңіске жетті

Роналду бастаған Португалия Өзбекстан қақпасына бес гол соғып, жеңіске жетті  

Футболдан әлем чемпионатының K тобындағы екінші тур аясында Португалия мен Өзбекстан құрамалары кездесті. АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы NRG Stadium аренасында өткен матчта португалиялықтар 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды "Бірінші бол".

Кездесудің 6-минутында Криштиану Роналду есеп ашып, Португалияны алға шығарды. 17-минутта Нуну Мендеш есеп айырмасын екі голға жеткізді. Ал 39-минутта Роналду тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды.
Матчтың 29-минутында Өзбекстан қорғаушысы Азизжон Ғаниевтің голы VAR тексерісінен кейін есепке алынбады. Төрешілер Аббосбек Файзуллаевтың Жоау Канселуға қарсы ереже бұзғанын анықтады.
Екінші таймда өзбекстандық қақпашы Абдувохид Нематов автогол авторы атанса, ойынның соңғы нүктесін 87-минутта Рафаэл Леау қойды.
Осы жеңістен кейін Португалия құрамасы 4 ұпай жинап, K тобында көш бастады. Ал екі матчта да жеңілген Өзбекстан құрамасы топтың соңғы сатысында қалып отыр.
Үшінші турда Португалия Колумбиямен кездессе, Өзбекстан ДР Конго құрамасына қарсы алаңға шығады.

Фото: Paul ELLIS / AFP via Getty Images