Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматының бір ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

Алматының бір ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

Алматының бір ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

25 маусымнан бастап Алматының Алмалы ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізілді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жаңа схемаға сәйкес мына көшелерде біржақты қозғалыс ұйымдастырылады:

Прокофьев көшесінде Абай даңғылынан Кіші Абай көшесіне дейінгі аралықта – солтүстік бағытта;

Кіші Абай көшесінде Прокофьев көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі аралықта – шығыс бағытта;

Түркебаев көшесінде Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта – солтүстік бағытта.

Басқарманың мәліметінше, бұл өзгерістер көшелердегі көлік қозғалысын жеңілдетуге, кептелісті азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Шешім көлік легіне жүргізілген талдау мен аудан тұрғындарының өтініші негізінде қабылданған.

"Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша жол қозғалысын одан әрі ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдер қабылданады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Медеу ауданында Достық даңғылының Гоголь көшесінен Жібек жолы даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта және Зенков көшесінің Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі бөлігінде оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілген болатын.

Сондай-ақ Әуезов ауданындағы Атамекен көшесінің (Атамекен шағынауданы) №103 үйден №108 үйге дейінгі бөлігінде де оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілген еді.

Фото: Алматы әкімдігі