Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нөсер, найзағай және +40 градусқа дейін аптап: синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын ескертті

Нөсер, найзағай және +40 градусқа дейін аптап: синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын ескертті

Нөсер, найзағай және +40 градусқа дейін аптап: синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын ескертті 

Қазақстанда 27–29 маусым аралығында ауа райы қандай болатыны белгілі болды. Толығырақ мәліметті "Қазгидромет" жариялады
Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы демалыс күндері белсенді циклон мен атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде нөсер жаңбыр болады деп болжанған.
Күндіз ауа температурасы батыста және солтүстік-батыста 18–26 градус жылыға дейін төмендейді, оңтүстікте аптаптың беті қайтып, 28–38 градус жылы, ал солтүстікте 22–30 градус жылы болады деп күтіледі.
Сонымен қатар, Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық аймақтарында аптап сақталады. Күндіз ауа 33–38 градусқа дейін ысиды, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Фото: depositphotos.com