Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады.
Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 575 979 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың саны 76 157 адамға көбейді.
Халық саны Алматы қаласында 2 миллионнан асты - 2 366 525 адам (халық саны 18 422 адамға өсті) және Түркістан облысында - 2 146 670 адам (бұл ретте жыл басынан бері облыс халқы 2 535 адамға азайған).
1 миллионнан астам қазақстандық мына өңірлерде тұрады:
Астанада - 1 674 699 адам;
Алматы облысында - 1 611 588 адам;
Шымкентте - 1 308 120 адам;
Жамбыл облысында - 1 213 556 адам;
Қарағанды облысында - 1 130 733 адам.
Халқы ең аз өңірлер:
Ұлытау облысы - 218 169 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы - 512 388 адам;
Абай облысы - 593 583 адам.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қалаларда 13 168 438 қазақстандық тұрады (83 328 адамға көбейді), ауылдарда - 7 407 541 қазақстандық (7 171 адамға азайды)
Фото: depositphotos.com