Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанның үш облысында сел жүру қаупі жарияланды

Қазақстанның үш облысында сел жүру қаупі жарияланды

Қазақстанның үш облысында сел жүру қаупі жарияланды

Қазақстанның үш облысының тұрғындарына сел жүру қаупі ескертілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметінше, 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күннің күрт ысуы мен нөсер жауын күтіледі. Мұндай ауа райы жағдайы беткейлерде қарқынды ағынның пайда болуына және өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Мамандар кей учаскелерде сел жүру және көшкін жүру қаупі сақталатынын ескертеді.
"Аталған облыстардың тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 1 шілдеде нөсер жауыннан кейін Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарындағы ауылдарды су басты. Сонымен қатар курорттық аймақтар да су астында қалды.
Өзен арнасынан асты: Алматы облысында ондаған тұрғын эвакуацияланды
Бұдан бөлек, Алматы тұрғындарына нөсер жаңбыр салдарынан таулы жерлерде сел жүру қаупі сақталып отырғаны ескертілді. Наурызбай ауданында құлақтандыру жүйесі іске қосылып, кейбір қала тұрғындарының ұялы телефондарына шұғыл хабарламалар келді.

Фото: ДЧС Алматы