Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде қозғалыс 10 күнге шектеледі

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде қозғалыс 10 күнге шектеледі

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде қозғалыс 10 күнге шектеледі

Жөндеу жұмыстарына байланысты 8-18 шілде аралығында республикалық маңызы бар "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолында қозғалыс шектеледі.
"ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысында республикалық маңызы бар "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолын орташа жөндеу аясында 1121-1186 және 1194-1209 шақырымдар аралығындағы учаскелерде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты 8-18 шілде аралығында Ақсай – Жібек жолы учаскесінде, 1177-1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде қозғалыс айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 8 шілдеден бастап Күрті – Шабыт учаскесінде, 1121-1177 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады.
"Жүргізушілерден сапарды алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Айналма бағыттың сызбасы қоса беріледі", - делінген хабарламада.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков