Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы автожолда орташа жылдамдық бақыланады

10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы автожолда орташа жылдамдық бақыланады

10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы автожолда орташа жылдамдық бақыланады 

10 шілдеден бастап республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген ақылы учаскелерінде көлік құралдарының орташа жылдамдығы бақыланады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, бұл шара жол-көлік оқиғаларын азайтуға, жылдамдық режимін бұзудың алдын алуға және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Орташа жылдамдықты бақылау екі бағытта келесі учаскелерде қолданылады:
Ақтөбе – Қандыағаш;
Алматы – Қорғас;
Көкшетау – Петропавл;
Астана – Теміртау, Аршалы – Ошағанды учаскесі.
"Жүйені енгізудегі басты мақсат – жазалау емес, жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алу. Тәжірибе көрсеткендей, жылдамдықты шамадан тыс арттыру ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелетін негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі камера алдындағы бір реттік жылдамдықты ғана емес, жүргізушінің бүкіл жол учаскесіндегі нақты қозғалыс мәнерін анықтауға мүмкіндік береді.
Яғни жүйе көлік құралының белгілі бір аралықты қандай жылдамдықпен жүріп өткенін есептейді. Мұндай тәсіл жүргізушінің тек камераның алдында ғана жылдамдықты азайтып, кейін қайтадан қауіпті деңгейге дейін үдетуіне жол бермейді", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді сапарды алдын ала жоспарлауға, "Ең жоғары жылдамдықты шектеу" жол белгілерінің талаптарын сақтауға және белгіленген жылдамдық режимін асырмауға шақырады.

Фото: Sol de Zuasnabar Brebbia/Getty Images