40 градус ыстық, жаңбыр: бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн райы қандай болады
40 градус ыстық, жаңбыр: бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн райы қандай болады
14 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,8 м/с.
Астанада өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,1 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 40 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 7,5 м/с.
Фото: pixabay.com