Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасының өсімі 4,1%-ға жетті

Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасының өсімі 4,1%-ға жетті

Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасының өсімі 4,1%-ға жетті 

Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша 4,1%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономика өсімі 4,1%-ды құрады. Бұл қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа жоғары. Оң динамика нақты сектордағы өсім қарқынының қаңтар-мамырдағы 4%-дан қаңтар-маусым қорытындысында 5,1%-ға дейін артуының арқасында қамтамасыз етілді, – деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы ең алдымен нақты сектордағы өсімнің жеделдеуімен байланысты. Экономиканың негізгі қозғаушы күші бұрынғыдай мұнайға қатысы жоқ сектор болып отыр. Биыл бұл сектордың өсім қарқыны тұрақты түрде 5%-дан жоғары деңгейде сақталған.
World Impact Media Organization ұйымының бағалауынша, инвестициялардың артуы мен өнеркәсіптің дамуы нәтижесінде Қазақстан экономикасының шикізат секторына тәуелділігі біртіндеп азайып келеді.

Фото: экономика министрлігі